Ресейдің жауапты «азық-түлік» санкциялары астында қалған мемлекеттердің компаниялары Мәскеуде 15 – 18 қыркүйек арасында өтетін World Food-2014 көрмесіне қатысуды көздеп отыр. Бұл туралы РФ ветеринар және фитосанитарлы бақылау бойынша федералды қызметінің («Россельхознадзор») хабарламасында айтылған.
«Россельхознадзор» хабарлауынша, World Food-2014 көрмесіне қатысу үшін өнімдерді әкелудің шарттары жайлы көптеген сұрақтар келіп түсті . Осыған орай қызмет Ресейдің жауапты санкциялары астында қалған мемлекеттерге «санционды» топтың импортын қалай жүзеге асыру керек екенін түсіндіретін түсініктемесін әзірледі.
«Еуроодақ, Аустралия, Канада, Норвегия және АҚШ мемлекеттерінен шыққан, №830 қаулымен уақытша шектеулер қойылған, ТН ВЭД 0201-0203, 0207, 0210, 0301-0308, 0401-0406, 160100 кодтарымен мағлұмданатын тауарлардың әкеліміне көрмелік стендтерде экспонатталуға ғана рұқсат етіледі », — деп айтылған бұл құжатта.
«Санкциялық» тізімдегі мемлекеттердің қайсысы түсіндірме үшін «Россельхознадзор»-ға хабарласқаны көрсетілмейді .
Ресей 7 тамызда АҚШ, Аустралия, Канада, Еуроодақ және Норвегия санкцияларына жауапты шаралар жиынын енгізді. Жауапты санкциялар бір жыл мерзімге жеміс-көкөністер, сүт, ет тағамдарын бұл мемлекеттерден Ресейге импорттауға тыйым салу түрінде болады.
Шектеулер аясына еттен жасалған дайын өнімдердің кейбір түрлері (шұжықтан басқасы) және балық кірмеген. Федералды кедендік қызметінің мәліметтері бойынша осы төрт мемлекет пен ЕО елдерінен «тыйым салынған» азық-түліктің сомалық импорты 2013 жылы шамамен 9,1 млрд долларды құрады.