Amal Bio бақшасында егін жинау маусымы басталды
Дәстүр бойынша, тамыздың екінші жартысы - алма жинау маусымының басталуы болып саналады.
Осы жазда Amal Bio бақшасы да ерекшелік емес. Жалпы күтілетін көлемі 450 тонна болуы тиіс дегенмен, бүгінгі күні алманы 50 тоннадан астам жинады. Алма жинау Роял Гала сортынан басталды және қазан айының аяғына дейін Голден делишес, Гренни Смит, Джонапринц, Фуджи, Бребурн, Майрак, Орли ред, Ред делишес және Айдаред сорттарын жинау жалғастырылуда.
Бақшада егін жинауы тек қана қолмен атқарылатын жұмыстармен жүзеге асырылады, компанияның барлық қызметкерлері арнаулы оқудан өтеді. Жинағаннан кейін, жемістер қоймаға түсіп, кеш көктемге дейін сақталатын болады.
2015 жылы Қыркүйек айы компанияның бірінші көкөніс жинау маусымы болады. Ағымдағы жылдың көктемінде бақшада, жалпы алаңы 40 га, картоп, шомыр, қырыққабат, асқабақ, сондай-ақ эксперименттік қауын және қарбыз сорттары отырғызылды.
Қазірдің өзінде күздің ортасында барлық көкөністер мен жемістер Алматы дүкендер сөрелерінде пайда болады.