+7 727 341 00 50 | info@amal-bio.com

Алма жинау маусымы басталды!

15 тамызда біз алма жинау маусымын ең ерте терілетін (жаздық) сұрып - Гала алмасын терумен бастадық. Бiрiншi күннің өзінде біз 20 тоннадан астам алма жиналды. Алма теру процесiнде 200-ден аса жұмыскерлер қатысты. Айнала көтеріңкі көңiл-күйге, у-шуға толы болды, бiз үшiн бұл үлкен мереке! Ауа-райы да бiзге қолдау көрсеткендей, жағымды жылулығымен қуантты. Өз еңбегің мен қамқорлығыңның жемісін әдемi және шырынды алмалар түрінде көргенде, қуанышқа шек жоқ. Өйткені біз өз өсімдіктерімізге туған балаларымыздай қарап өсіреміз.

Еске сала кетсек, біздің бағымызда алманың 12 сұрыптары өседі: гала, айдаред, голден делишиус, ред делишиус, пинова, стаймаред, гренни смит, фуджи, джона принц, ред принц, бребурн, орли ред.

Алма жинау маусымы қазанның соңына дейін болады. Және биыл біз 800 тоннадан астам алма жинаймыз деп жоспарлап отырмыз. Алмалар Қазақстан бойынша ірі сауда орталықтары арқылы сатылатын болады.

Біз әлеуметтік желіде

Тағы қараңыздар

Біздің қызметіміз

Amal Bio бақшасында егін жинау маусымы басталды
Бақшада егін жинау маусымы аяқталды.