Қайырлы күн, достар!
Ыстық жаз мезгілі аяқталуда, ал біз 2018 жылдың алма өнімін жинай бастадық!
Алма жинауды әдеттегідей Гала сортынан бастадық. Гала сорты – өте шырынды, қытырлақ және орташа тәтті болып келеді.
Біздің алма бақта Гала сортының 4 түрі өсіріледі, олар түсімен және өлшемімен ажыратылады. Бұл алма сортын сату әдетте қиындық тудырмайды, өйткені Гала Қазақсатанда да, Ресейдеде жақсы сұранысқа ие.