+7 727 341 00 50 | info@amal-bio.com

Біздің бригадир - Гүлнар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алма бағында еңбек ететін нәзікжанды қызметкерлермен таныстыруды жалғастырамыз.
Amal Bio алма бағында 6 бригадир жұмыс істейді. Оның біреуі ғана әйел және біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Гүлнар Конкыбаева.
Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны. Қарапайым отбасыдан шыққан. 5 баланың анасы.
- Жас кезімде қалада, зауытта жұмыс істегенмін. 2014 жылдан Amal Bio-да істеймін. 2019 жылы ресми түрде бригадир болып тағайындалдым. Amal Bio-да жұмыс істегелі көп нәрсені үйрендім. Техникаға бейіміміз жоқ болса да, қазір мотоцикл жүргізіп жүрмін.
Бақта істейтін әр бригадада алты жұмысшыдан істейді. Әрбір бригаданың құрамында бір-бір әйел, қалғандары ер адамдар.
- Жұмысымыз әрқалай, кезең-кезеңімен жүреді. Қазіргі кезде алма ағаштарының кесу кезеңі жүріп жатыр. Алма ағашы ерекше күтіп-баптауды қажет етеді, бала күткен сияқты.
- Маған Amal Bio-ның мекемесі, әкімшілігі, әріптестерім – бәрі ұнайды. Жұмысыма ризамын. Үлкен қызым Назира да Amal Bio-да есепші қызметін атқарады, мамандығы бухгалтер ғой.
- Халықаралық әйелдер күніне келетін болсақ, мен үшін 8-наурыз қуанышты күн. Бұл күні ең бірінші бір-бірімізге сыйластық, жылы лебізімізді білдіреміз. Өзімізді ерекше сезінеміз бұл күні. Әдетте бұл мерекені отбасыммен, жақындарымызбен атап өтеміз. Алыс-жақындағы туған-туысқанды құттықтаймыз.

- Барлықтарыңызды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, қуаныш, бақыт тілеймін!