Қайырлы күн, достар!
Бізге үйге дейін жеткізу мүмкіндігі туралы көптеген сұрақ пен өтініштер түсіп жатыр. Негізі біз қоймадан тек жаппай жөнелтуді жібереміз.
Бірақ ештен кеш жақсы емес пе?! ;)
Сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскіміз келеді. Біз жақында Arbuz.kz-пен жұмыс істей бастадық.
Енді, алақай, біздің алма мен алма шырынын есігіңізге дейін жеткізуге тапсырыс бере аласыз!
Қазіргі кезде Arbuz.kz сайтында біздің алманың 10 түрінен төртеуіне тапсырыс бере аласыз.
Олар:
Голден Делишес – бұл алманың мәйегі айқын тәтті дәмге ие. Бұл сапалы алмадан жеміс салатын, пюре, пирог, варенье жасауға болады. Жоғары өнім беретін танымал сорт дәруменге бай, тасымалдауға және сақтауға шыдамды.
Джемини – бұл алма өте шырынды және хош иісті мәйекке ие, оның жеңіл қышқыл дәмді тәттісі бар. Алма күні бойы жеңіл, пайдалы тағам үшін өте жақсы.
Майрак – бұл алманың мәйегі өте тығыз құрылымға ие, ол өте шырынды және дәмді. Бұл сорттағы алмадан керемет шырындар жасалады.
Фуджи – жаңа піскен түрде ғана емес, сонымен қатар үй торттары мен түрлі салаттар жасау үшін де керемет. Бұл дөңгеленген жемістер қызыл түсімен, керемет тәтті дәмімен және шырынды мәйегімен ерекшеленеді.
Сондай-ақ біздің бақшада өсірілген алмадан жасалған 3 литр табиғи сығылған алма шырынына да тапсырыс бере аласыз.
Алма шырыны дәмді ғана емес, сондай-ақ өте пайдалы сусын. Оның құрамындағы калория мөлшері өте төмен. 100 грамм табиғи жаңа сығылған шырынға 47 ккал ғана келеді. Сондықтан алма шырынын түрлі диета мен дұрыс тамақтану жүйелерінде қолдануға болады.
Біздің шырындар бірегей пайдалы сипаттамаларға ие, экологиялық таза, сонымен қатар алманың барлық пайдалы қасиеттерін сақтайды.
Біздің өнімдерді үйге дейін жеткізуге тапсырыс беріңіз.
Астарыңыз дәмді болсын!
P.S. Сіздің тілектеріңіз біз үшін маңызды. Сіз үшін тағы не істей аламыз?!