Amal Bio – біздің екінші үйіміз
Біздің қызметкерлерімізбен таныс болыңыз айдарын жалғастырамыз.
Біздің келесі кейіпкеріміз - Рима Нұрмұханбетова
Amal Bio алма бақшасында 3 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.
- Бұдан бұрын Libella Bottlers зауытында бригадир болып 10 жыл жұмыс істедім. 3 жылдан сәл астам уақыт бұрын белгілі бір себептермен отбасыммен Жаңатұрмыс ауылына көшіп келдік. Сол жылы, яғни 2017 жылы, мен жалдамалы жұмыскер ретінде Amal Bio алма бақшасында жұмыс істей бастадым, - дейді Рима Нұрмұханбетова.
Қаладан ауылға көшу әркімге әр қалай соғады. Бірақ Рима үмітін үзген жоқ.
- Мен осында жұмысқа тұрғанға дейін маған бұл қиынға соғады деп ойлайтынмын. Мұнда жұмыс істеу қолымнан келмес деп есептейтінмін, өйткені бұған дейін тек қалада жұмыс істедім. Бірақ жұмысқа кірісе салысымен, қолымнан бәрі келетінін түсіндім. Мен Amal Bio компаниясында жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын. Бұл біздің екінші үйіміз.
- Жұмысыңыз үйіңізден алыс па?
- Үй мен жұмыстың арасы 2 ауыл, арақашықтығы 10 шақырымға жуық. Сонда да жұмысқа қуана-қуана барамын, оның басты себебі біздің ұжым. Басшылығымыз да жақсы. Менімен бірге жеті әйел жұмыс істейді. Біз бәріміз Геркулесті айдаудыі, трактор мен мотоциклжүргізуді осында үйрендік. Иә, жұмысымыз сондай ерекше ;)
Біз Amal Bio командасының мүшесі болғанымызға қуаныштымыз.
- Сіздің жұмыс күніңіз қалай өтеді?
- Жұмыс күні таңғы 8-де басталып, кешкі 5-ке дейін созылады. Қазір алма ағаштарын кесу маусымыболғандықтан, аптасына 6 күн жұмыс істейміз. Біз кесуді тезірек аяқтауымыз керек. Уақыт өтіп жатыр ...
- Amal Bio өнімдері туралы не дейсіз?
- Өз басым алманы да, Amal Bio алма шырынын да өте жақсы көремін. Бұл өте керемет шырын. Егер әлі ішіп, дәмін татып көрмеген болсаңыз, көп нәрседен құр қалдыңыз. Міндетті түрде дәмін көруге кеңес беремін.