Қызметкерлерімізбен таныстырудың жалғасы ретінде сізге Amal Bio алма бағының келесі жұмысшысымен сұхбатты ұсынамыз.
Нұргүл Қайырбекова
3 баланың анасы
Amal Bio-да 2017 жылдан бастап істейді
Басында мен алма отырғызуға шыққан жалдамалы жұмыскер ретінде уақытша ғана жұмыс істеген едім, - деп әңгімесін бастады Нұргүл Қайырбекова. - Ал ресми толық жұмыс істегеніме 2 жылдай уақыт болып қалды. Мұндағы жұмысым маған ұнайды, біркелкі емес. Әр кезеңде әр түрлі, әрі әр кезеңнің өзінің қиындықтары мен ауыртпалықтары жоқ емес. Жұмыс деген соң, бәрінде солай ғой. Әр жұмыстың қиындығы болады. Бізге үйреткен, айтылған бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мұндағы ұнайтыны, қайталайтын шығармын, бәрі осыны айтса, шын болғаны ғой ;) - осында істейтін адамдар, олармен араласу ұнайды. Бастықтарымыз да жақсы. Және маңызды нәрсе – айлық ай сайын уақытында, кешіктірілмей беріледі.
Негізі мен үшін қалаға барып жұмыс істеуден гөрі, өз ауылымда, отбасымнан алыстамай, еңбек еткен әлдеқайда ыңғайлы да тиімді. Өйткені жолға көп уақыт кетеді, ондай алыс жолдың өзінен шаршап та қаласың. Ал мұнда жұмысшылар үшін жеткізетін автобус бар, беске дейін жұмыс істейміз, бес жарым алтыларға таман үйде отбасыңмен бірге әрі қарай өз тіршілігіңді істей бересің. Жақсы емес пе?!
Мен арнайы техниканы жүргізем, платформа. Ол жердегі адамдардың қолы жетпейтін алма ағашының бас жағын кесуге, сондағы алманы теруге және ағаштың төбесін жабатын торды ашып-жабу үшін қолданылады.
Amal Bio алмаларының ішінде маған ерекше ұнайтын сорттары – Фуджи, Голден және Гренни деген алмалар. Әр алма өзінің тәттілігі, қышқылдығымен ерекшеленеді. Мысалы, Фуджи қатты, сақталған кезде – қыста да өзінің шырындылығымен ерекшеленеді. Ал Гренни маған қышқылдығымен ұнайды.
Маған менің жұмысым өте ұнайды. Былтыр көктемнен бастап, жұмыстың әр кезеңін суретке түсіріп, естелік ретінде сақтап қоятын болдым. Мен үшін бұл бір хобби болды;)
Алмадан басқа бақта шие мен шабдалы өсіргеніміз бар.
Алманы теріп болғаннан кейін, осымен 2 жыл болды, жұмыста барлық қызметкерлер үшін компания атынан сабан той ұйымдастырылады. Осылай біздің еңбегімізді бағалағаны үшін Amal Bio басшылығына алғыс білдіремін. Осындай ортада еңбек еткенім мені қуантпай қоймайды, - деп сөзін аяқтады Нұргүл Қайырбекова.
Қалада жұмыс істегіңіз келмеді ме, неге Amal Bio-ны таңдадыңыз?
Нұргүл, күнделікті жұмысыңыз туралы толығырақ айта кетсеңіз
Жалпы, қазіргі кезде жүріп жатқан алма ағашын кесудің мәні зор. Қай кезде алма ағашын өсіру керек, қай кезде оны тоқтату керек, қай кезде жаңарту керек деген сияқты өзінің ерекшеліктері бар. Жалпы алма ағашын күту, оған қам жасау - зор еңбек.
Өзіңіз Amal Bio өніміне қалай қарайсыз?
Ал біз Нұргүлдің екі жыл бойы түсірген фотосуреттерінен жасаған видеомен бөлісеміз. Ол Amal Bio бақшасында өз жұмысын түсіріп, өзінің көңілімен бөліскісі келеді.