Құрметті достар!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған, күн мен түн теңелген Наурыз мейрамы ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз осымен екінші жыл бүкіл әлем күресіп келе жатқан тәжтажал індеті кезінде өтіп жатыр. "Бірінші байлық - денсаулық" демекші ең бастысы зор денсаулық тілейміз.
Бұл сынақтан аман-есен өтіп, еліміз тыныш, туған жер аман болсын.
Шыдамды да сабырлы болып, өзімізді күтейік, сақтанып жүрейік!
Аман болайық бәріміз!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!