Алманың 7 пайдалы қасиеті
Алманың пайдалы екенін бала кезімізден естіп өстік. Үлкендералма дәрумен, минерал мен денсаулыққа қажетті басқа да заттарға толы дейтін. Оның үстіне алма - біздің үйімізде жыл бойыболатын ең дәмді және қолжетімді жемістердің бірі. Бұған ешкім дау айтпас;)
Алма несімен пайдалы?
Ежелгі гректердің өзі алманың емдік қасиеттері туралы айтқан. Ал қазір халық арасында «бір алма дәрігерге барудың алдын алады» деген сөз бар.
Дегенмендәрумен мен минералдың күнделікті қажетті көлемін жемістің бір түрімен толықтыру мүмкін емес екенін түсіну керек. Мысалы, алманың құрамындағы С дәрумені апельсиндегімөлшерден он есе аз. Салмағы 150 грамм болатын бір алма бізге қажетті С дәруменінің тек 8%-ынжәне А дәруменінің 2%-ын ғана береді, сонымен бірге алма құрамында жаңағы апельсинге қарағанда А дәрумені 50%-ғакөп - бұл дәрумен суықтиюмен басқа инфекциялардан қорғап, көру қабілетін жақсы деңгейде ұстауға көмектеседі. Ал йод құрамы бойынша алма теңіз өнімдерінен кейінгі екінші орында. Егер сіз күніне 5-6 алма тұқымын жесеңіз, онда йодқа деген күнделікті қажеттілік толығымен қанағаттандырылады екен.
Ғалымдар мұның шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін тексергенде, алманың құрамындағы дәрумен мөлшері онша көп емес болып шықты. Біз жоғарыда А және С дәрумендерінің мөлшері туралы жаздық, ал басқа дәрумендердің мөлшері одан да аз болып шықты.
Олай болса, бұл жемістің емдік сыры неде?
Кейінгі зерттеулер алманың негізгі байлығы антиоксиданттарда екенін көрсетті. Дәл осы заттар бізді қатерлі ісіктен, жүрек және қан тамырлары ауруларынан, жалпы қартаюдан сақтайды екен. Осы заттардың құрамы бойынша алма басқа жемістер арасында жетекші орын алады. Антиоксиданттардың дәрумендерден айырмашылығы, сақтаукезінде олар жойылмайды. Сонымен қатар, олар өкпені никотиннің әсерінен қорғайды - алманы жиі жейтіндердің өкпесі әлдеқайда жақсы жұмыс істейтіні байқалған.
Сонымен күніне желінген бір алма жеті аурудан сақтайды дейді.
Әзірше алманың 7 пайдалы қасиетіне тоқталайық:
1. Алма қанды қалпына келтіреді. Ол темірге бай, алманы үнемі тұтыну гемоглобин деңгейін жоғарылатады. Алмаанемия кезінде және көп қан жоғалтқанда пайдалы.
2. Сонымен қатар, алма гипертониялық науқастарға ұсынылады. Алма денеден артық тұз бен суды шығару арқылы қан қысымын төмендетуі мүмкін. Гипертониямен ауыратындарға күн сайын таңертең кем дегенде бір тәтті және қышқыл алма жеу керек немесе тамақтанудан бір сағат бұрын 1/2 кесе жасыл алма шырынын ішу керек.
3. Алма тіршілік күшінің жоғарылауын ынталандырады, стресс пен шаршағыштықтан көмектеседі, жүрек-қантамыр жүйесін нығайтады және ми жұмысын жақсартады. Бұл: магний, фосфор, кальций, калий, селен және йод минералдарына, сондай-ақ, C, B1, B2, PP, E дәрумендерінебайланысты.
4. Алма уланудан пайдалы. Оның өсімдік жасушалары табиғи сорбент болып табылады, сондықтан уды организмнен жақсы шығарады.
5. Алма холестерин деңгейін төмендетеді. Алма құрамындағы еритін талшық ішектегі майларды байланыстырады, бұл қандағы холестерин деңгейінің төмендеуіне алып келеді және холестериннің шамадан тыс жиналуынан сақтайды. Диетологтар алма диетасыарқасында үш аптадан кейін холестерин деңгейі 30%-ғатөмендеуі мүмкін деген қорытындыға келді. Ал оны 16%-ғатөмендету үшін күніне 2-3 алма жеу керек екен.
6.Алма ас қорытуды жақсартады, өйткені құрамында қажетті органикалық қышқылдар бар: алма, лимон, салицил және бор. Олардың арқасында алма өт пен асқазан сөлін өндіруді ынталандырады. Тамақтанудан 20 минут бұрынжелінген бір алма жақсы тәбеттің кепілі болады деп саналады.
7. Алма сізге артық салмақтан арылуға көмектеседі. Алманың калория мөлшері өте төмен, егер ол жаңа піскенжәне пісірілген болса - 100 г-ында сәйкесінше 47 және 66 ккал. Алмада май жоқ, бірақ сізге біраз уақытқа қанықтылық сезімін бере алатын көмірсулар бар. Бірақ кептірілген алмаға аса қызықпау керек, өйткені оның калория мөлшері 100 г-да 253 ккал-ға дейін жетеді, сымбаттылықтың ең жақсы диетасы - пісірілген алманы айранмен бірнеше күн жеу деп санайды. Бұл жағдайда асқазанға аздап қана жүктеме түседі, ал токсиндер денеден шығарылады.
Ақыр соңында, алма өте дәмді. Алма жеңіз, деніңіз сау болсын!
Есте сақтаңыз! Барлық нәрсенің белгіленген өз мөлшері бар. Денсаулықтың басты кепілі – сол мөлшерді білу. Дұрыс тамақтануға келгенде фанатизм де жақсылыққа апармайды. Күніне 2-3 орташа алмадан артық жеген дұрыс емес. Ондағы қышқылдар метаболизмнің үдеткіші ретінде ғана емес, сонымен қатар шырышты қабаттарға тітіркендіргіш әсер етуі мүмкін.
Өкінішке қарай, алма бәріне бірдей пайдалы бола бермейді. Асқазан жарасы, әсіресе он екі елі ішектің ойық жарасы бар адамдарға оны шикі түрінде жеген дұрыс емес, өйткені алмадағы қышқыл аурудың шырышты қабығын тітіркендіреді.
Таңертең алма жеу іш қатудан пайдалы және дененің жұмысқа бейімделуіне көмектеседі. Қышқылдығы жоғары, асқазан жарасы, гастрит ауруларымен ауыратындар алманы аш қарынға жемегені дұрыс.
Сонда да тамақ ішкеннен кейін бір алма еш зиянын тигізе қоймас
;)
Жалғасы бар...