Қызыл, сары әлде жасыл алма ма?
Алманың 80%-ыдерліксудантұрады.Қалғаны - талшық, органикалыққышқылдар, көмірсулар.
Алманыңтүсінеқабығындағыпигменттер, хлорофилл, антоцианиндер мен каротиноидтарәсеретеді. Әркімніңөзініңсүйіктіалмасыбар. Неліктенбіреулерсарытүстіұнатады,енді біреулер жасылалманы жақсыкөреді, үшіншілертекқызылалманы жейді? Мүмкін, ағза интуитивтітүрдедәлқазіроғанеңқажеттідәрумендерге сәйкес түсті таңдайтын шығар.
Жасыл алма қызылға қарағанда пайдалы дейді. Онда(мысалы, Гренни Смит) қанттың мөлшері ең аз. Сондықтан бұл алманың калориясы ең төмен. Орта есеппен алғанда, қызыл алманың калория мөлшері 47 бірлік, ал жасыл алманікі шамамен 35 бірлікке тең. Сол себепті жасыл алма диета кезінде ұсынылады. Яғни жасыл алма семіздік пен қант диабеті кезінде пайдалы. Оның құрамында құнды заттар мен қышқылдар да бар. Оның ішінде организмнен улы заттарды шығаруға қабілетті талшықтар бар. Сондай-ақ, қышқыл жасыл алма аллергия тудырмайды, сондықтан оны (немесе оның шырынын) тіпті ең кішкентай балалар мен жүкті әйелдерге беру ұсынылады. Сонымен қатар жасыл алма тіс және ауыз қуысының денсаулығына жағымды әсер етеді. Тіс пасталарының жарнамаларында пациенттерге әдетте жасыл алма ұсынылатын еске алыңыз ;)
Қызыл алма (мысалы, Фуджи, Бребурн, Майрак, Гала, Ред Делишес, Джона-Принц, Айдаред) - жүрек-қан тамырлары, бүйрек және бауыр аурулары кезінде ұсынылатын тәтті жеміс. Ол терінің сұлулығы мен тегіс келбет үшін де өте қолайлы, бірақ құрамындағы қант тіс эмалін жұмсартуы мүмкін. Қант диабеті кезінде қызыл алманы тұтынуға кеңес берілмейді.
Сары алма(Голден делишес, Пинова) - карамельдің ерекше дәміне ие. Сары алманың дәмі жасыл және қызыл алмадан мүлде өзгеше. Оның құрамында көп мөлшерде пектин бар, токсиндерді организмнен тиімді түрде шығарады, сау микрофлораның түзілуіне және өт секрециясына ықпал етеді, бауырды сауықтырады.
Сізге қандай алма ұнайды?