Алма жөнінде көбіміз біле бермейтін 20 дерек
1. Адамзат алманы тағам ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 6500 жылдан бері пайдаланып келеді. Бұған археологиялық қазбалар дәлел.
2. Алма бақтары планетамыздың бетінде шамамен 5 млн гектар аумақты алып жатыр. Алма ағаштары әлемдегі барлық жеміс екпелерінің арасында ауданы бойынша бірінші орынды алады. Алмадан алынған шикізат түрлі мақсатта, негізінен, әрине, аспаздық мақсатта қолданылады. Бұл жемістер десерт пен тоқаштарды ғана емес, сонымен қатар көптеген сусындарды да дайындау үшін қолданылады және мәселе тек шырындармен ғана шектелмейді.
3. Алма - мифологияда да, геральдикада да кең таралған жеміс. Көптеген халықтың аңызымен байланысты, алма немесе алма ағашының бейнесі 80-нен астам түрлі гербтерде орын алды.
4. Жақында қытайлық және америкалық ғалымдар бірлескен зерттеу барысында заманауи алма Тянь-Шаньның батысында қазіргі Қазақстан аумағында пайда болғанын анықтады. Қазіргі алманың геномының жартысына жуығы осы жерден шыққан. Осындай тұжырым жасау үшін генетиктер әлемнің әр түкпіріндегі алманың 117 түрінің материалын зерттеді. Бұл зерттеуге дейін де Қазақстан алманың отаны саналды. Еліміздің оңтүстік астанасы атауының өзі алмаға байланысты емес пе? Алматы / Алма-Ата / Алмалы
5. Әлемде алманың 7500-ден астам сұрпы өсіріледі, бірақ оның жүзге жуығы ғана сатылады.
6. Алма ағашы адам өсірген алғашқы ағаш.
7. Алма - раушангүлділер тұқымдасының мүшесі. Бұл отбасына өсімдіктердің алуан түрі кіреді: алмұрт, бадам, өрік, шие, қара өрік, таңқурай, шабдалы және басқалары.
8. Алма өсіруде әлем бойынша алдыңғы қатардағы ел – Қытай.
9. Малусдоместикафобия - алмадан қорқу.
10. Алма массасының шамамен 20%-ынан астамы оның целлюлозасындағы ауаға келеді. Сондықтан, алма батпайды, су бетінде жүзеді. Егер алма батса, бұл оның шіри бастағанын білдіреді.
11. Түрлі сорттағы алмалардың дәнегінің саны да әр түрлі болып келеді.
12. Егер бір ағаштың дәнінен 100 алма ексеңіз, олар әр түрлі өсіп шығады
13. Алма ағаштарының пайдасы тек жемістермен ғана шектелмейді. Барлық алма ағаштары ерекше бал өсімдіктері, сондықтан оларды омарташылар жоғары бағалайды. Сондай-ақ, алма ағашының көптеген түрі дәмді жемістер бермесе де, сәндік мақсатта өсіріледі.
14. Егер сіз күніне бір алма жесеңіз, бүкіл әлемде өсірілген жеті мыңнан астам алманың әрқайсысының дәмін көру үшін сізге жиырма жылдан астам уақыт қажет болады.
15. Президент Джордж Вашингтонның сүйікті хоббиінің бірі бақшада алма ағаштарын кесу болды. Бұл оған стресті жеңуге көмектесті деседі.
16. Әлемдік алма нарығының жартысына жуығын «Golden Delicious» және «Delicious» сорттары алып жатыр.
17. Алма өсіру туралы ғылым помология деп аталады.
18. Алма шырыны алғашқы тағайындалған антидепрессанттардың бірі болды.
19. Әлемдегі алманың көп бөлігі әлі күнге дейін қолмен жиналады.
20. 1990 жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде Алма күні қазанның 21-інде атап өтіледі.