+7 727 341 00 50 | info@amal-bio.com

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Бұл күн ең қымбат, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.

Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз.

Ұрпағының бейбіт өмірі үшін ақырғы деміне дейін айқасқан, еңбек майданы мен тылда тер төккен ата-әжелеріміздің, әке-аналарымыздың ерлігін ешқашан ұмытпақ емеспіз. Олар жасаған ерлік мәңгілік даңққа бөленді.

Құрметті ардагерлер, бейбіт өмір, ашық аспан үшін Сіздерге алғысымыз шексіз!

Сіздердің даңқты ерліктеріңіз, биік жауынгерлік рухтарыңыз бізге өнеге.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілейміз!

Ізгі ниетпен, Амал Bio