+7 727 341 00 50 | info@amal-bio.com

АЛМА ӨСІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

АЛМА ӨСІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Достар, алма ағашын қалай өсіру керек деген тақырыпты жалғастыра отырып, сіздерге сау бақ пен алманың мол өнімін алу үшін келесі қолайлы жағдайларды ұсынамыз.
Күн сәулесі
Көптеген жеміс ағаштарына сияқты, алмаға да жақсы өсуі үшін мүмкіндігінше көп күн сәулесі қажет. Алмаға күн сайын кем дегенде 6 сағат күн сәулесі түсуі керек.
Алма ағашы жақсы ылғалданбайтын топыраққа отырғызылғаны дұрыс. Алманы төмен немесе ылғалды жерге отырғызбаңыз!
Алма үшін ең жақсы жер солтүстікке немесе шығысқа қарай, төбесі шуақты жер болғаны дұрыс.
Ағаштар үшін жеткілікті жер, кеңістіктің болуы
Сіз отырғызу үшін алма ағаштарының бірнеше түрін қарастыра аласыз: жартылай карлик, карлик және классикалық (толық көлемді) ағаштар.
Карлик, яғни ергежейлі алма ағаштары 1-4 метрге дейін өседі, ал толық өлшемді ағаштар шамамен 9-10 метрге дейін өседі. Әр түрдің өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар.
Ергежейлі жартылай ергежейлі ағаштар кішірек және мөлшері бойынша жинақы, ықшам. Олар жыл сайын жеміс береді, бірақ үнемі күтім мен қосымша шығынды қажет етеді. Ергежейлі алма бақтары интенсивті деп аталады.
Мұндай типтегі ағаштардың тамыр жүйесі әлсіз. Олар қатты желге тым сезімтал, тіпті алмасы көп болса, құлап кетуі мүмкін. Оларды қоршаумен немесе тиісті тірекпен өсіру керек екенін ұмытпаңыз. Ауа-райының қолайсыздығы жағдайында ағашты орнында ұстап, тамырларды сақтауға көмектесетін қосымша тіреуіш-шпельс орнату керек. Қатты жел кезінде бұтақтар теңселеді, егер ағашта жемістер болса, онда ағаштың құлап кету қаупі жоғары.
Жыл сайын ергежейлі алма ағаштарынан өнім жинай аласыз, бұл олардың қарқынды бақ деген атауын түсіндіреді. Бірақ, жыл сайынғы жемістер, әрине, оларға дұрыс және толық күтім жасау жағдайында жүзеге асырылады.
Толық өлшемді ағаштарда мұндай мәселелер кездеспейді, бірақ олар әлдеқайда үлкен, сондықтан көбірек кеңістікті қажет етеді. Мұндай алма ағаштары ұзақ өмір сүреді, діңдері мықты, кең, ал қуатты тамыр жүйесі бүкіл ағашты пайдалы элементтермен қамтамасыз етеді.
Олар үнемі жеміс бермейді, олар бірнеше жыл бойы «демала» алады, бірақ егер жыл жемісті болса, онда мұндай алма ағашы үлкен көлемде өнім береді, тек шыңдарға көтеріліп, қызыл алмаларды жинау мәселесі тұрады. Алманың көп бөлігін жинау үшін баспалдақ, арнайы жеміс жинағышты пайдалану керек. Кейбір елдерде туыстар мен көршілер бір-біріне піскен жемістерді жинауға көмектесіп, кейін егін мерекелерін ұйымдастырады.
Ағаштардың арақашықтығы
Әр ағаштың аралыққа деген қажеттігі әр түрлі, бірақ тұтастай алғанда карлик ағаштар бір-бірінен 1-1,5 метр қашықтықта отырғызылуы керек. Толық көлемді ағаштарға өсуге жеткілікті орын беру үшін арасын 5-6 метр етіп отырғызған дұрыс. Бір-бірін тозаңдандыру үшін ағаштардың бір-бірінен арақашықтығы 15 метрден аспау керек.
Негізі алма ағаштарымен бір уақытта гүлдейтін басқа жеміс ағаштары айқас тозаңдануға жақсы. Әрдайым бір тұқымдастар арасындағы айқас тозаңдандырған жөн, мысалы, алма мен алмұрт ағаштары, өйткені екеуі де аналық дақылдар.
Ең жақсы сортты таңдау
Сіздің географиялық орналасуыңыз қандай алма ағаштарын сатып алу керек екенін анықтайды.
Зиянкестер мен ауруларға, аязға төзімді алманы таңдау сіздің бақшаңыздың ұзақ мерзімді денсаулығы мен тұрақты жеміс беруі үшін өте маңызды.
Таңдағанда алманың өзі керек пе, әлде алмадан басқа тағам дайындамақшысыз ба, соны нақтылап алыңыз. Әр тұқымнан 100% алма өсіп шықпайды, әрі олар әр түрлі болып өсуі әбден мүмкін. Тек егілген көшеттер сіз іздеген сортты береді. Сондықтан бірнеше егілген сортты сатып алған ұтымды.
Алма ағашын дұрыс отырғызу уақыты мен шарттары
Бұл сау және өнімді ағаштарға ие болудың бірден-бір шарты. Алма ағашы көктемде отырғызылған кезде жақсы өнім береді. Бірақ көктем қиын кезең болуы мүмкін. Бірақ мұнда сіз суық қыстан кейін жердің еріген уақытын таңдауыңыз керек. Жер қатып қалмауы керек, күн суытып кетпеуі керек, әрі тым ыстық та болмауы керек.
Ең алдымен, отырғызу алаңының айналасындағы арамшөпті алып тастаңыз. Сіз қазып жатқан шұңқыр көшеттің тамыр жүйесінен кемінде 15 см үлкен және тереңдігі 45 см-ден бір метрге дейін жетуі керек. Егер контейнерде өсірілген ағаш алсаңыз, онда контейнерді алып тастап, тамыр түбірін босату керек. Ағашты шұңқырға жер деңгейінен шамамен 3 см биіктікте отырғызыңыз да, шұңқырды топырақпен тығыз толтырыңыз. Ағаштың айналасындағы отырғызу алаңы аздап шашыраңқы болуы керек, бірақ алаңдамаңыз - уақыт өте келе ол қоныстанып, жерге тегістеледі.
Көп жағдайда ағаш жеміс бере бастағанша,оны кесіп, ұрықтандырудың қажеті жоқ.
Кесу
Алма өсіру үшін болсын немесе сұлулық үшін болсын, алма ағаштары үнемі кесуді қажет етеді.
Көктем - алма ағашын кесу үшін жылдың ең жақсы уақыты.
Алма ағашын кескенде құрылымдық және техникалық әдіс қолданылады.
Құрылымдық кесу
Ағашта жеміс өсу үшін оның бұтақтары мықты болуы керек, сондықтан құрылымдық кесу кезінде әлсіз бұтақтар кесіледі. Жеміс өсуі үшін ең жақсы бұтақ - діңге 45° бұрышта өсетін бұтақ.
Әлсіз және өлі бұтақтардан бірден арылыңыз. Жылдар бойы ұзақ жеміс берген бұтақты да кесу қажет болады. Бұзылған, ауру немесе құрып бара жатқан кез келген бұтақты кесіп тастаңыз!
Техникалық кесу
Су өскіндерін бірден кесіп тастаңыз. Олар жоғары қарай көтерілетін кірпік тәрізді жұқа өсінділер.
Келесі - қиылысатын бұтақтар. Сіз бұтақтардың бұрылып, діңге қарай кері өсе бастағанын байқадыңыз ба? Кейде екі бұтақ бір-бірімен қиылысады. Жақсы желдету және жақсы жеміс беру үшін, күн сәулелеріне қол жеткізу мақсатында бәсекелес бұтақтарды алып тастап, ағашты ашу керек.
Сиректету
Алма дами бастағаннан кейін, оның бұтақтағы санын азайту керек. «Неге жақын арада өсіп шығатын алманы кесу керек?» деген сұрақтың туындауы әбден орынды.
Алманың өсіп шығуы үшін кететін энергияны елестетіп көріңізші. Ағаш жеміс беру үшін шектеулі мөлшерде ғана энергия шығара алады. Егер бұл энергия бес жүзден астам алмаға бөлінсе, онда нәтижесінде саны көп, сапасы төмен - нашар дамыған, күңгірт алма аласыз.
Ал о бастан ең әлсіз деген алманы алып тастасаңыз – онда нәтижесінде, мысалы, екі жүз алма өсіп шығады, әрі олардың барлығы үлкен, құнарлы, сапалы болады.
Сондықтан әлсіз, ауруы мүмкін немесе зақымдалған жемістерді алып тастау керек.
Алма дами бастағанда әлсіз, кішкентай немесе жарылған алманы алып тастағаннан кейін, қалған алманың арасында шамамен 10 см қалдыруға тырысыңыз. Бұл ауа ағынының жеткілікті мөлшерде болуына және сау өнім алуға көмектеседі.
Іске сәт!
P.S. (достық кеңес): Егер сіз шынымен бақша отырғызуға бел бусаңыз, өзіңізге білікті агроном қарап, әрдайым онымен кеңескеніңіз жөн!